«Күз, Күз, қонаққа шақырамыз!»

«Күз, Күз, қонаққа шақырамыз!»

Балабақшада балалар нені күтеді? Ол әрине – мереке! Күнтізбеде айрықша күн болып ешқалай белгіленбесе де бірақ, балалар үшін неге мереке өткізбеске, мәселен, күздің

басталуы? 11-13 қазан айы күндері «Ер – Төстік» балабақшамызда Күзге арналған мерекелік іс – шаралар болып өтті. «Күз, Күз, қонаққа шақырамыз!» - барлық жас ерекшелік топтарының балалары белсенді қатысқан біздің күз мерекесінің атауы болды. Залда мейірімді, жылы атмосфера сезіліп отырды. Балалар шеңбер құрып, күз туралы әндер шырқады, көңілді ойындар ойнады, тақпақтарын айтты. Мерекеде

балалар түрлі кейіпкерлерді сомдады: тиын да, қонжық та, кірпі де, мухомор саңырауқұлақ та болды.

Балабақшадағы мереке – бұл әрқашан таңғажайып әлем, сиқырлы бояулар мен тәрбиеленушілердің тәтті күлкілері. Бар ынтамен балалар ерте және кеш келген күздің

белгілерін қайталап қоймай оларды бекітті, сонымен қоса оларды атап берді, күздің түрлі мінездері бойынша билері мен қойылымдарында ойнап келтірді. Ал саңырауқұлақтар қалай қызық көрсетілді – күздің нағыз мінезінің белгілері. Саңырауқұлақтар жаңбырмен биледі де, ойнады да және күз - нағыз

саңырауқұлақтардың кезеңі екенің айтып мадақтады. Ал «Өзінің саңырауқұлағынды ұстап ал» ойынында балалар саңырауқұлақтын рөлін ойнады, ал басқалары себет болу үшін шеңбер құрды және ұсталмайтын саңырауқұлақты қолға түсіруге бар күшін салды, қандай тамаша да көңілді ойын. Өте көңілді болды! Жылы жаққа ұшып бара жатқан құстар туралы әңгімелесіп, «Сау бол!» әнің шырқағаннан кейін көңіліміз

бір босап қалды. Бірақ соңынан «Көкеністер» туралы ырғақтық, көңілді ән балалар мен ата – аналардың көңілін көтеріп, жандандырды. Ал күздің балаларға сыйлығы ғажайып сәт болды.

Балалар да, ата – аналар да разы болды!

 

 

 

Автор: Токушева Н.Б.
Просмотров: 43
Дата создания: 16 Октября 2017 г.
Дата редактирования: 16 Октября 2017 г.